Конкурстар және  жобалар Қашықтықтан оқыту итоговая аттестация Пәндер Барлық құттықтаулар!
Жаңалықтар мұрағаты
Мектептегі психикалық саулықты сақтау – табысты оқытуға арналған негіз
10-06-2021 12:16
Мектептегі психикалық саулықты сақтау – табысты оқытуға арналған негіз

2021 жылғы 9 маусым күніБілім беруді дамытудың инновациялық орталығы «Білім алушылардың психикалық саулығын сақтау» тақырыбында семинар өткізді. Іс-шараға орта білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік педагогтер, өзін-өзі тану мұғалімдері қатысты.

Облыстық көпсалалы лицей-интернат директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Т. Жапарова отбасында рухани-адамгершілік құндылықтарды тәрбиелеу туралы айтып берді.

Павлодар қ. №9 ЖОББГМ-нің өзін-өзі тану мұғалімі Ю.Н. Лазина тыңдаушылар назарына «Бастауыш сынып оқушыларының жануарларға адамгершілік қатынасын тәрбиелеу» тақырыбындағы баяндамасын ұсынды.

Павлодар қ. №15 ЖОМ-нің педагог-психологі А.А. Хамитова психикалық саулықты сақтау мақсатында педагогтерге білім алушылармен жұмыс істеуде әдістемелік көмек көрсету туралы баяндады.

Павлодар қаласының №14 ЖОМ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, өзін-өзі тану мұғалімі Г.К. Киргеева отбасылық құндылықтарды қалыптастыруда «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік курсын іске асыру бойынша тәжірибесімен бөлісті.

Семинар қатысушылары талқыланған мәселелерге қызығушылық танытып, өткізілген іс-шара және әріптестерінің тәжірибесі туралы пікірлерімен алмасты.