Конкурстар және  жобалар Қашықтықтан оқыту итоговая аттестация Пәндер Барлық құттықтаулар!
Жаңалықтар мұрағаты
«Бақытты балалық шақ» асфальттағы балалар суреттері республикалық конкурсының қорытындылары туралы ақпарат
09-06-2021 17:01
«Бақытты балалық шақ» асфальттағы балалар суреттері республикалық конкурсының қорытындылары туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Балалық шақ» республикалық орталығының жоспарына сәйкес 2021 жылғы 02 маусым күні Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Бақытты балалық шақ» асфальттағы балалар суреттері республикалық конкурсы өткізілді.

Конкурс мақсаты: сурет арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін және көркемдік қиялын дамытуға, балалар көркем шығармашылығына ықпал ету.

Конкурс меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі ұйымдардың барлық типтері мен түрлері арасында мектепке дейінгі ұйымдардың ересек балаларының, мектепалды даярлық топтары мен сыныптарының қатысуымен өткізілді.

Конкурс үш кезеңде өтті: 1-кезең — аудандық(қалалық); 2-кезең — облыстық; 3-кезең— республикалық. Конкурс қатысушылары облыстық, қалалық (Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент) кезеңдердің қатысушылары.

Конкурстың республикалық кезеңіне қатысу үшін Білім беру басқармасы «Балалық шақ» республикалық орталығына жеңімпаздардың жұмыстарын ұсынды. 16 өңірден барлығы 60 жұмыс.

Конкурсты ұйымдастыру және өткізу деңгейі төмендегі критерийлер бойынша бағаланды:

- суреттің мәлімделген тақырыпқа сәйкестілігі;

- жұмыстарды орындау техникасы мен сипаттамасы;

- идеясымен композициясының бірегейлігі;

- түстер үйлесімділігін дұрыс таңдау;

- орындалуының ұқыптылығы мен мұқияттылығы;

- жұмыстың аяқталымдылығы.

 «Бақытты балалық шақ» республикалық конкурсының қорытындылары бойынша төмендегі номинациялар бойынша жүлдегерлер анықталды:

   -   «Шығармашылық орындау»:

 «Менің бақытты балалық шағым» (Екібастұз қ. № 20«Мерей» көптілділікті дамыту орталығы бөбектер бақшасы.Жұмысты орындаған: Найманова Ариана  (5 жас), жетекшісі: С.Е.Камынина).

  -  «Үздік композиция»: . «День сегодня необычный, замечательный, отличный». (Ақсу қ.  №24сәбилер бақшасы. Жұмысты орындаған: ересек топ тәрбиеленушілері, жетекшілері: Е.М. Черкашина, С.В. Черепанова, С.В. Замалутдинова.

Балаларымыз бен педагогтерді республикалық конкурстағы жеңістерімен құттықтаймыз!