Конкурстар және  жобалар Қашықтықтан оқыту қорытынды аттестаттау 9 сынып Пәндер Барлық құттықтаулар!
Жаңалықтар мұрағаты
Python бағдарламалау тіліндегі есептерді шығару
05-05-2021 16:46
Python бағдарламалау тіліндегі есептерді шығару
Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы әріптестерін педагогикалық қолдау және тәжірибе тарату мақсатында 2021 жылғы 5 мамыр күні облыстық, қалалық және аудандық мектептердің педагогтеріне арналған вебинар ұйымдастырды. 
Педагог-шебер, «Павлодар облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісінің иегері, дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейдің мұғалімі  С.Г. Васина «Python» бағдарламалау тілінде есеп шығару» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті. Вебинар білім алушыларды бағдарламалау бойынша жасөспірімдер олимпиадасына дайындауға арналған. 
Қатысушылар іс-шараның өзектілігін атап өтті.