Конкурстар және  жобалар Қашықтықтан оқыту қорытынды аттестаттау 9 сынып Пәндер Барлық құттықтаулар!
Жаңалықтар мұрағаты
Мектеп оқушыларын пәндік олимпиадалар мен зияткерлік конкрустарға дайындау жүйесі
05-05-2021 16:30
Мектеп оқушыларын пәндік олимпиадалар мен зияткерлік конкрустарға дайындау жүйесі
Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы 2021 жылғы 5 мамыр күні облыстың жалпы білім беретін мектептерінің орыс тілі және әдебиеті мұғалімдеріне арналған «Пәндік олимпиадалардың дарындылықты дамытудағы рөлі» тақырыбында семинар өткізді. 
Семинар мақсаты – дарынды оқушыларды пәндік олимпиадаларға дайындау тәжірибесімен бөлісу.
Инновациялық орталық әдіскері К.Т. Бейсенова семинардың мақсаты мен міндеттерін белгілеп, зияткерлік дарынды балалармен жұмыс істеу ерекшеліктері мен міндеттерін, сондай-ақ оқушылардың дарындылығын дамытудағы пәндік олимпиадалардың, зияткерлік марафондардың, конкурстардың, ғылыми жобалардың рөлін түсіну маңыздылығын анықтады.
Семинар барысында Павлодар қ. №35 ЖОМ-нің орыс тілі және әдебиеті мұғалімі М.К. Аубакирова білім алушыларды пәндік олимпиадалар мен зияткерлік конкурстарға дайындық бойынша әріптестерімен жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Ол оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың басты мақсаттары мен жұмыс түрлеріне тоқталды.  Мектептегі дарынды оқушылармен жұмыс жүйесін дамытудың негізгі қағидаларын атап өтті. Дарынды балалармен олимпиадаларға, ғылыми жобаларға, зияткерлік марафондарға, конкурстарға дайындық кезінде жұмыстың түрлі нысандары мен әдістерін қолдану туралы айтып берді. Оқу нәтижелерімен бөлісті. Қатысушылар сәтті жағдай жасау - дарындылықты дамыту үшін қажетті шарт деген қорытындыға келді.
Семинар соңында қатысушылар ұсынымдар алып, дайындалған үлестірме материалдары мен іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғыстарын білдірді.