Конкурстар және  жобалар Қашықтықтан оқыту қорытынды аттестаттау 9 сынып Пәндер Барлық құттықтаулар!
Жаңалықтар мұрағаты
Павлодарда білім беру саласындағы жаңа трендтер талқыланды
30-04-2021 17:24
Павлодарда білім беру саласындағы жаңа трендтер талқыланды
Павлодар облысы білім беру басқармасы білім беру ұйымдарының жас мамандары мен ғылыми дәрежесі бар ұстаздарға арналған «Ақылды ұрпақ» жас ғалымдар форумын ұйымдастырды. 
Қазіргі таңда ғылымның өзекті міндеттерін шешу үшін жас ғалымдардың күш-жігерін біріктіру және ғылыми дәрежесі бар ұстаздардың шығармашылық белсенділігін дамыту өзекті мәселе болып табылады. Сондықтан форумда жас мамандардың ғылыммен айналысуы үшін жаңа жұмыс формасын анықтау бойынша жүйелі іс-шаралар мәселелері мен оларды шешу жолдары ұсынылды. 
Бұл іс-шаралар жоғары оқу орындары мен мектеп арасындағы ғылыми қарым-қатынасты дамытуға өз үлесін қосады. 
Пленарлық жиында Түркістан, Шымкент, Павлодар, Екібастұз қалаларының жас ғалымдары, ғылыми ұйым жетекшілері мен 300-ден аса жас мамандар қатысты. 
Қ.А. Яссауи атындағы халықаралық қазақ –түрік университетінің магистрі Ақерке Сиратоллина IQ деңгейі жоғары балаларды тәрбиелеу – ұстаздардың  ғана емес, жас ғалымдардың да міндеті екенін атап өтті. Спикер бүгінгі таңда орта білім беру ұйымдарында ғылыми дәрежесі бар ұстаздардың саны артып жатқандығын айтты. Бұл білім беру мекемелері үшін үлкен потенциал.
Шымкент қаласының педагогикалық университеті ғылым бөлімінің басшысы, филология ғылымдарының кандидаты Рауан Бегалиева ғылым саласындағы соңғы жаңалықтар туралы өз ойымен бөлісті. 
«Елбасы медалі» жобасының тәрбиелік мәні туралы осы жобаның тәлімгері Рахат Бидебаев баяндады.
 Секциялық отырыстарда  білім берудегі жаңа трендтер, сабақтан тыс және сабақтағы іскерлікті ұйымдастырудағы YouTube бейнехостинг мүмкіншілігі, білім саласындағы әлеуметтік желілердің рөлі талқыланды.