Конкурстар және  жобалар Қашықтықтан оқыту қорытынды аттестаттау 9 сынып Пәндер Барлық құттықтаулар!
Жаңалықтар мұрағаты
ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА – ТАЛАНТТЫ ҰСТАЗ
29-04-2021 17:22
ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА – ТАЛАНТТЫ ҰСТАЗ
Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы жас педагогтердің шығармашылық әлеуетін дамыту және өзін-өзі танытуы үшін жағдай жасау, мұғалімдердің білім беру жүйесін жетілдіруге белсенді кәсіби көзқарасын қалыптастыру мақсатында қашықтық форматында 2021 жылғы 27, 28 сәуір күндері «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасының облыстық кезеңін өткізді. Олимпиадаға  47 жас педагог қатысты.
Қазылар алқасының мүшелері ретінде Павлодар қаласының жоғары оқу орындарының жетекші ғалымдары, инновациялық орталықтың әдіскерлері шақырылды.
4 бағыт бойынша конкурстың қорытындылары шығарылды: лингвистикалық, гуманитарлық, жаратылыстану-математикалық, психологиялық-педагогикалық. Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындылары бойынша 12 жеңімпаз анықталды, олар Павлодар облысы білім беру басқармасының I, II, III дәрежелі Дипломдары мен сертификаттарымен марапатталады.     
Психологиялық-педагогикалық бағыт бойынша:
I  орынды Ақсу қаласының №8 ЖОМ-нің педагог-психологі Жакубалдина Бикен Балтабековна иеленді;
ІІ орын – Павлодар қ. №40 ЖОМ-нің дене шынықтыру мұғалімі Апсалямов Чингиз Кайратович;
ІІІ орын – Павлодар ауданы Кеңес НЖББМ-нің педагог-психологі Сыздыкова Айза Жумабаевна.      
Гуманитарлық бағыт бойынша:
I  орынға Павлодар қ. №17 жалпы орта білім беру саралап оқытатын бейіндік мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Хашим Махсатгуль ие болды;
ІІ орын – Ертіс ауданы М. Горький ЖОМ-нің бастауыш сынып мұғалімі Кажкенов Аділет Жұмагелдіұлы;
 ІІІ jорын – Май ауданы Ақжар ЖОМ-нің тарих мұғалімі Мүтән Ардақ Мүтәнқызы.
Жаратылыстану-математикалық бағыт:
I орын – Павлодар ауданы Чернорецк ЖОМ-нің химия және биология мұғалімі Сыздыкова Салтанат Куандыковна;
ІІ орын – Павлодар қ. №49 санаторлық сәбилер бақшасының тәрбиешісі Асенова Асия Дуйсенбаевна;
ІІІ орын – Тереңкөл ауданы Қ. Оспанов атындағы №3 ЖОМ-нің математика мұғалімі Садыков Мейірбек Ахметжанович.
Лингвистикалық бағыт бойынша:
I орынды Аққулы ауданы Лебяжі ЖОМ-нің қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі Бердімұрат Сайфуллин иеленді;
ІІ орын – облыстық көпсалалы дарынды балаларға арналған лицей-интернаттың ағылшын тілі мұғалімі Куропаткина Ксения Андреевна;
ІІІ орын – Павлодар қ. инновациялық үлгідегі №34   ЖОМ-нің қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі Нұрлан Абдула Нұрланұлы. 
Облыстық кезеңнің жеңімпаздары Павлодар облысының атынан республикалық кезеңде қатысады.