Конкурстар және  жобалар Қашықтықтан оқыту қорытынды аттестаттау 9 сынып Пәндер Барлық құттықтаулар!
Жаңалықтар мұрағаты
ҰБТ-ға дайындық аясында география мұғалімінің жұмыс жүйесі
28-04-2021 17:48
ҰБТ-ға дайындық аясында география мұғалімінің жұмыс жүйесі

Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы 2021 жылғы 28 сәуірде «География пәні бойынша ҰБТ тапсырмаларының есептерін шығару жолдары» тақырыбында онлайн семинар-практикум өткізді.

Семинар-практикум мақсаты – түрлі есептерді шығару жолдарын  талдау кезінде тиімді шешімді және білім алушылардың білім сапасын арттыруды қамтамасыз ететін неғұрлым нәтижелі әдістемелік тәсілдерді, педагогикалық іс - қимылдарды ұсыну.

Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназияның география пәні  мұғалімі Анар Толыбаевна Альдекенова жаңартылған бағдарламаға сәйкес география пәні бойынша ҰБТ тапсырмаларының есептерін  шығару дағдыларын қалыптастыру жолдарымен бөлісті.