Конкурстар және  жобалар Қашықтықтан оқыту қорытынды аттестаттау 9 сынып Пәндер Барлық құттықтаулар!
Жаңалықтар мұрағаты
Академия ғалымдары халықаралық семинарда баяндама жасады
07-04-2021 17:30
Академия ғалымдары халықаралық семинарда баяндама жасады
2021 жылдың  7 сәуірінде Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Инклюзивті білім беруді дамыту орталығының қызметкерлері «Қазіргі білім беру жүйесіндегі инклюзивті білім берудің өзектілігі»  тақырыбындағы онлайн-семинарға қатысып, өз ұсыныстарын білдірді.
Онлайн семинарға сонымен бірге Ресейдің Пермь мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық университетінің және Нұр-Сұлтан қаласының білім беру ұйымдарының педагогтері қатысты. Академияның Инклюзивті білім беруді дамыту орталығының аға ғылыми қызметкері С.К.Ысмағұлова «Қазақстандағы инклюзивті білім берудің өзекті аспектілері» тақырыбында сөз сөйледі.
Семинар барысында спикерлер инклюзивті білім беру жағдайында ПМПК қызметін ұйымдастыру, инклюзияның бастауы ретіндегі балабақшаның рөлі, қашықтан оқыту жағдайында мектеп жасындағы ЕБҚ бар балалардың оқу дербестігін тәрбиелеу, инклюзивті білім беру әдістерін ТжКБ жүйесінде оқу процесін ұйымдастыруға бейімдеу, қосымша білім беру ұйымдарында инклюзивті оқытуды енгізу және т.б. тақырыптарда баяндама жасады.