Конкурстар және  жобалар Қашықтықтан оқыту итоговая аттестация Пәндер Барлық құттықтаулар!
Жаңалықтар мұрағаты
«Ы. Алтынсарин: алғашқы ұстаз – дана бабам» тақырыбындағы шығармашылық кездесу
22-04-2021 17:22
«Ы. Алтынсарин: алғашқы ұстаз – дана бабам» тақырыбындағы шығармашылық кездесу
2021 жылғы 22 сәуірде Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА Инклюзивті білім беруді дамыту орталығының директоры, PhD Бутабаева Л.А. ұлы педагог, қоғам қайраткері Ы. Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойын мерекелеу аясында ұйымдастырылған «Ы. Алтынсарин: алғашқы ұстаз – дана бабам» тақырыбындағы шығармашылық кездесуге қатысып, ашылуында, сондай-ақ іс-шара соңында сөз сөйледі.
Іс-шара Шымкент қаласы білім басқармасы әдістемелік орталығы бастамасымен мемлекеттік арнаулы №17 «Достық» балабақшасының базасында ұйымдастырылды.
Шығармашылық кездесудің мақсаты – Ы. Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға оқу-тәрбие үдерісінде Ыбырай шығармашылығының әдеби құндылығын ашу.
Іс-шараға ЖОО оқытушылары мен ғалымдары, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарының әдістемелік кабинеттерінің өкілдері, білім беру ұйымдары педагогтері қатысты.