Конкурстар және  жобалар Қашықтықтан оқыту қорытынды аттестаттау 9 сынып Пәндер Барлық құттықтаулар!
Жаңалықтар мұрағаты
Ықшамдау – мәтінді өңдеудің негізгі түрі
15-04-2021 17:58
Ықшамдау – мәтінді өңдеудің негізгі түрі
Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы Павлодар облысының білім беру ұйымдарын кәсіби қолдау және өзара әрекеттестік аясында «Жас дарын» мамандандырылған мектебімен бірлесе отырып, 2021 жылғы 15 сәуір күні орыс тілі және әдебиеті мұғалімдеріне арналған «Мәтінді мағыналық ықшамдау ережелері мен әдістері» тақырыбында вебинар өткізді.
«Жас дарын» мамандандырылған мектебінің педагог-шебері, «Үздік педагог – 2017» атағының иегері Айгуль Баяновна Куставлетова әріптестерімен мәтінді ықшамдаудың негізгі тәсілдерімен бөлісті.  Ғылыми мәтінді ықшамдау анықтамасын, жоспар, тезистер, конспект, аннотация, реферат, түйіндеме түріндегі бастапқы дереккөз-мәтінді ықшамдау түрлеріне жалпы түсінік берді. Мәтінді ықшамдаудың негізгі үш түрін атады. Дереккөз-мәтінмен жүргізілетін негізгі операциялар: мәтіннің құрылымдық-мағыналық талдауы, коммуникативті тапсырмаға сәйкес мәтіннің ақпараттық мазмұнын түрлендіру, сонымен қатар мәтіннің ақпараттық мазмұнын біріктіру және оған түсініктеме беру.
Практикалық бөлімде Айгуль Баяновна нақты мысалдармен лингвистикалық (ғылыми) мәтінмен жұмыс істеудің негізгі тәсілдерін көрсетті.
Семинар соңында кері байланыс орнатылып, әдістемелік ұсынымдар берілді.