Конкурстар және  жобалар Қашықтықтан оқыту қорытынды аттестаттау 9 сынып Пәндер Барлық құттықтаулар!
Жаңалықтар мұрағаты
Ресурстық орталық – ауылдық мектепке дейінгі білім беретін педагог кадрлардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету шарты
15-04-2021 17:56
2021 жылғы 15 сәуір күні Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы облыстың ауылдық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтеріне арналған «Колледжде ресурстық орталық құру және дамыту перспективалары» тақырыбында семинар өткізді.
      Семинар барысында колледж негізінде ресурстық орталықтың жұмысын ұйымдастыру міндеттері мен мәселелері қарастырылды.
Б. Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжі басшысының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Алтын Агнасовна Смаилканова мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің кәсіби даму институты ретінде ресурстық орталық туралы айтып берді.
    Мектепке дейінгі оқыту және тәрбие бөлімінің меңгерушісі Саулет Бултуруковна Жангазинова қатысушыларды ресурстық орталық қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырды.
         Ресурстық орталық жағдайында оқытушылардың медиақұзыреттіліктерін дамыту жолдары туралы Б. Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Айжан Ереновна Есмагамбетова бөлісті.
    Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының әдіскері  Ляззат Сайлаубаевна Серикбаева ресурстық орталықты әдістемелік қолдау тәсілдерін және мектепке дейінгі білім беру педагог кадрларының біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету шарттарын айқындады.
         Семинар тыңдаушылары қала мен ауыл арасындағы алшақтықты айтарлықтай қысқартып, педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыруға және кадрлық резервті қамтамасыз етуге үлесін қосатын ресурстық орталықты құрудың орындылығы мен уақытылығын атады.