Конкурстар және  жобалар Қашықтықтан оқыту қорытынды аттестаттау 9 сынып Пәндер Барлық құттықтаулар!
Жаңалықтар мұрағаты
Спорттық дайындықтың практикалық әдістері
14-04-2021 12:16
Спорттық дайындықтың практикалық әдістері
Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы әріптестерін педагогикалық қолдау және тәжірибе тарату мақсатында 2021 жылғы 14 сәуір күні «Павлодар облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісінің иегері, Железин ауданының №2 жалпы орта білім беру мектебінің мұғалімі Евгений Александрович Кисляковтың оқыту семинарын ұйымдастырды. Вебинарға облыстың жалпы білім беретін мектептерінің дене шынықтыру мұғалімдері және жетекшілік ететін әдіскерлер қатысты.
Евгений Алексеевич «Дарынды балалармен жұмыс кезіндегі жас және психологиялық ерекшеліктер» тақырыбында әріптестерімен тәжірбисімен бөлісті. Семинар жарысқа дайындық кезіндегі балалардың жас ерекшеліктеріне арналған. Педагог спорттағы дарынды балалармен жұмыс істеудің басты әдістері мен түрлерін айқындап, оқушылар дамуының әр жас кезеңінде сәйкесінше қызмет түрлерін қолдану туралы айтып берді. Оқушылардың психологиялық тәрбиесі де маңызды рөл атқарады. Педагог өз жұмысында мотивация, ынталандыру және зейін қою үшін қолданатын әдістерімен бөлісті. 
Әрбір әдіс стандартты емес, бірақ спорттық тәжірибенің ерекшеліктеріне байланысты нақты талаптарға бейімделеді. Әдістерді таңдау кезінде олардың қойылған міндеттерге, жалпы дидактикалық қағидаларға, сондай-ақ спорттық жаттығудың арнайы қағидаларына, спортшылардың жас және жыныстық ерекшеліктеріне, олардың біліктілігі мен дайындығына қатаң сәйкес келуін қамтамасыз ету қажет. Сөзінің соңында педагог өз оқушыларының әртүрлі спортакадалардағы, конкурстар мен жарыстардағы жеңістеріне тоқталды.
Семинар қатысушылары іс-шара тақырыбының өзектілігін атап, әдістемелік ұсынымдар алды.