Конкурстар және  жобалар Қашықтықтан оқыту қорытынды аттестаттау 9 сынып Пәндер Барлық құттықтаулар!
Жаңалықтар мұрағаты
Физика бойынша біріктірілген есептерді шығару
07-04-2021 18:11
Физика бойынша біріктірілген есептерді шығару

Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы әріптестерін педагогикалық қолдау және тәжірибе тарату мақсатында 2021 жылғы 7 сәуірде физика мұғалімі, педагог-шебер, білім беру үздігі, «Павлодар облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісінің иегері, «Ерен еңбегі үшін» медалімен және «Құрмет» орденімен марапатталған А. Н. Билиданың оқыту вебинарын ұйымдастырды. Семинарға облыстың жалпы білім беретін мектептерінің физика пәні мұғалімдері мен жетекшілік ететін әдіскерлер қатысты.

Оқыту вебинары біріктірілген есептерді шығаруға бағытталған. Мұғалімнің дидактикалық жүйесі физика бойынша ғылыми-зерттеу жұмысына біріктірілетін пәнді озық зерттеу, жүйелілік, мәселелік қағидаттарына негізделген. Семинар қатысушыларына есептерді шығарудың оңтайлы әдістері бойынша ұсынымдар берілді.

Қатысушылар талқыланған мәселелерге қызығушылық танытып, аталған іс-шараның өзектілігін атап өтті.