Конкурстар және  жобалар Қашықтықтан оқыту қорытынды аттестаттау 9 сынып Пәндер Барлық құттықтаулар!
Жаңалықтар мұрағаты
Python бағдарламалау тіліндегі есептерді шығару
07-04-2021 17:03
Python бағдарламалау тіліндегі есептерді шығару
Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы әріптестерін педагогикалық қолдау және тәжірибе тарату мақсатында 2021 жылғы 7 сәуір күні дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейдің информатика мұғалімінің вебинарын ұйымдастырды. 
Педагог-шебер, «Павлодар облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісінің иегері С.Г. Васина облыстық, қалалық және аудандық мектептердің педагогтеріне арналған «Python» бағдарламалау тіліндегі динамикалық бағдарламалау» тақырыбындағы шеберлік сағатын өткізді. Шеберлік сағаты білім алушыларды бағдарламалау бойынша жасөспірімдер олимпиадаларына дайындауға арналған. Педагог Python бағдарламалау тіліндегі «Динамикалық бағдарламалау» тақырыбындағы есептерді шығарудың негізгі тәсілдерін көрсетті.
Қатысушылар аталған іс-шараның өзектілігін атап өтті.