Конкурстар және  жобалар Қашықтықтан оқыту қорытынды аттестаттау 9 сынып Пәндер Барлық құттықтаулар!
Жаңалықтар мұрағаты
Планиметрия бойынша есептер шығару
07-04-2021 17:01
Планиметрия бойынша есептер шығару

Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы әріптестерін педагогикалық қолдау және тәжірибе тарату мақсатында 2021 жылғы 7 сәуір күні Павлодар қ. дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейдің математика мұғалімі, «Павлодар облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісінің иегері, педагог-шебер Т.И. Рубцованың вебинарын ұйымдастырды.

         «Планиметрия есептерінде қосымша құрылым әдісі» тақырыбындағы шеберлік сағаты планиметрия бойынша есептерді шығаруға арналған, мұғалім планиметрия бойынша үлгілік және стандартты емес есептерді шығарудағы өз тәжірибесімен бөлісті.

Қатысушылар талқыланған мәселелерге қызығушылық танытып, іс-шараның өзектілігін атап өтті.