Конкурстар және  жобалар Қашықтықтан оқыту қорытынды аттестаттау 9 сынып Пәндер Барлық құттықтаулар!
Жаңалықтар мұрағаты
Есеп шығару
05-04-2021 21:06
Есеп шығару

Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы әріптестерін педагогикалық қолдау және тәжірибе тарату мақсатында 2021 жылғы 5 сәуір күні «Павлодар облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісінің иегері, Павлодар қ. дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейдің химия мұғалімі Оксана Владимировна Колдашеваның «Олеум» тақырыбы бойынша есептерді шығару» тақырыбындағы оқыту семинарын ұйымдастырды. Семинарға облыстың жалпы білім беретін мектептерінің химия мұғалімдері және жетекшілік ететін әдіскерлер қатысты.

Семинарда педагогтерге «Олеум» тақырыбы үлгісінде есептерді шығару тәжірибесі, 7-8 сынып оқушыларын жасөспірімдер олимпиадаларына дайындау мақсатында түрлі үлгідегі есептерді шығарудың оңтайлы шешу әдістері ұсынылды.

Семинар қатысушыларына есептерді шығарудың оңтайлы әдістері бойынша ұсынымдар, іс-шара материалдары берілді.