Конкурстар және  жобалар Қашықтықтан оқыту қорытынды аттестаттау 9 сынып Пәндер Барлық құттықтаулар!
Жаңалықтар мұрағаты
АРНАЙЫ ЖӘНЕ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРЕТІН ПЕДАГОГТЕРГЕ АРНАЛҒАН «ҮЗДІК ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ» ОБЛЫСТЫҚ КОНКУРСЫН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ
31-03-2021 16:51
2021 жылғы 27-30 сәуір аралығында арнайы және инклюзивті білім беретін педагогтерге арналған «Үздік оқу-әдістемелік құрал» облыстық конкурсы өткізіледі. Конкурс ұйымдастырушылары – Павлодар облысының білім беру басқармасы, Павлодар облысының білім беруді дамытудың инновациялық орталығы. 
Конкурс мақсаты: жалпы білім беру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының арнайы және инклюзивті білім беретін педагогтерінің әдістемелік-дидактикалық құралдарды әзірлеу бойынша үздік педагогикалық практикаларын, оқу пәндерінің бейімделген бағдарламаларын анықтау.
Конкурс қатысушылары: жалпы білім беру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының арнайы және инклюзивті білім беретін педагогтері.
Бірінші кезең – іріктеу туры сәуірдің 6-нан 16-на дейін (сырттай): өтінім, конкурс материалдары.
Екінші кезең — сәуірдің 27-нен 30-на дейін (тікелей): конкурстық материалдарды онлайн қорғау.
Конкурстың ережесімен Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының сайтында таныса аласыздар: icropavl@gmail.com.
Конкурс қорытындылары 2021 жылғы 5 мамырға дейін шығарылады.