Конкурстар және  жобалар Қашықтықтан оқыту қорытынды аттестаттау 9 сынып Пәндер Барлық құттықтаулар!
Жаңалықтар мұрағаты
«ЖЫЛ МҰҒАЛІМІ – 2021» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУДЫҢ БАСТАЛУЫ ТУРАЛЫ
05-02-2021 11:36
        2021 жылғы 16 ақпан – 16  сәуір айларында «Жыл мұғалімі – 2021» облыстық конкурсы өткізіледі. Ұйымдастырушылар –  Павлодар облысының білім беру басқармасы,  Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы.
Конкурстың мақсаты – педагогтің оң имиджін қалыптастыру, педагогикалық тәжірибені анықтау және тарату, мұғалімдердің кәсіби шеберлігін ынталандыру.    
Конкурс қатысушылары –  5 жылдан астам  еңбек өтілі бар білім беру ұйымдарының педагогтері, «Жыл мұғалімі – 2021» конкурсының аудандық/қалалық кезеңдерінің жеңімпаздары.
        Бірінші кезең 16 ақпаннан 19 ақпанға дейін (сырттай): қатысушының әдістемелік портфолиосы (әдістемелік-дидактикалық материалдар, сандық білім беру ресурстары (СБР), авторлық бағдарламалар, жобалар).
       Екінші кезең- 22 ақпаннан 26 ақпанға дейін (сырттай ): эссе жазу.  
       Үшінші кезең–  9 наурыздан 12 наурызға дейін (сырттай): Педагогикалық тәжірибе көрінісі (Pitch-презентация – 5 мин.).
       Төртінші кезең – 5 сәуірден 16 сәуірге дейін (сырттай): Бейнесабақтар конкурсы (5.1 қосымша):  Педагогтарға кәсіби шеберліктерін көрсету мүмкіндігін беру,  білімнің жаңартылған мазмұны жағдайында заманауи қашықтықтан білім беру технологиялары мен әдістерін қолдануға байланысты бейімделген тәжірибелерді анықтау
        Конкурс ережесімен Павлодар облысының білім беру басқармасының https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu?lang=ru icropavl@gmail.com,  сайтаттарынан танысуға болады.
Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі мұғалімдер күніне арналған облыстық мереке аясында өтеді.