Жаңалықтар мұрағаты
Конкурстар және  жобалар Қашықтықтан оқыту қорытынды аттестаттау 9 сынып 2020 ОБ ОЖСБ Пәндер --> Барлық құттықтаулар!
Жас педагогтерді оқыту
11-01-2021 14:56
Жас педагогтерді оқыту
Павлодар облысы педагогтер қауымдастығы Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының ұйымдастыруымен 2021 жылғы 8 қаңтар күні «Оқушыларды ынталандыру тәсілдері, оқытудың белсенді әдістері арқылы оқу үдерісіне тарту» облыстық workshop-ын өткізді.
Бұл іс-шараның мақсаты облыстың жас педагогтерінің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру.
Іс-шара шеберлік сағаты форматында ұйымдастырылып, оқыту және тәжірибелі педагогтер мен жас педагогтер арасында педагогикалық шеберлікпен алмасу түрінде өтті. 
Павлодар қ. №16 мектеп-лицейінің ағылшын тілі мұғалімі Д.Б. Баканова білім алушыларды Worksheetsalive бағдарламасын пайдалану арқылы оқу үдерісіне тарту туралы айтып берді. Белсенді оқыту және оқушылардың ынтасын арттыруда Flippity платформасының артықшылықтары туралы Ақсу қаласы №8 ЖОМ-нің ағылшын тілі мұғалімі Н.В. Замятина баяндады. Екібастұз қаласы №36 мектеп-лицейінің биология мұғалімі О.С. Аушакимова Onlinetestpad платформасын пайдалану, сараланған оқу тапсырмаларын әзірлеудегі оның мүмкіндіктерін ұсынды. 
Педагогтер ұсынылған ақпараттық бағдарламалардың өзектілігін, сонымен бірге оларды қашықтық және дәстүрлі форматта да  пайдалануға болатындығын атап өтті.
Практик-педагогтердің тәжірибесі құнды әрі пайдалы болды, іс-шара қатысушылары практикалық сипаттағы сұрақтарға жауап, алдағы жұмыс үшін ұсынымдар алды.