Жаңалықтар мұрағаты
Конкурстар және  жобалар Қашықтықтан оқыту қорытынды аттестаттау 9 сынып 2020 ОБ ОЖСБ Пәндер --> Барлық құттықтаулар!
Педагогикалық шеберлік мектебі
08-01-2021 17:19
Педагогикалық шеберлік мектебі
Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы 2021 жылғы 6 қаңтар күні онлайн режимде облыстың жалпы білім беретін мектептерінің педагогтеріне арналған Қысқы педагогикалық шеберлік мектебін өткізді.
Дарынды қыз балаларға арналған «БІЛІМ- ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының педагогтері өз тәжірибелерін ұсынды. 
    География мұғалімі Р.К. Нурбаева сабақтарды жоспарлау және әзірлеу, картамен, «Edupage» платформасындағы номенклатурамен жұмыс істеу туралы айтып берді. Тыңдаушылар «Nearpod» платформасында карта, диаграмма, кесте құруды үйренді. Мұғалімдер мектеп оқушыларын олимпиадаға дайындау кезінде Google form  платформасында сабақты, «Quizziz com» арқылы онлайн режимде викториналарды ұйымдастырудың тиімді әдістерімен танысты, құнды практикалық кеңестер алды. 
Ағылшын тілі мұғалімі А.А. Омельницкая «Edupage» платформасы арқылы онлайн білім беру тәжірибесімен бөлісті. Анастасия Александровна синхронды және асинхронды сабақтарда қалыптастырушы бағалау үшін платформа мүмкіндіктерін пайдалану жолдарын көрсетті. Қысқы мектеп қатысушылары платформаға арнайы код бойынша қосылып, сабаққа қатысты.
Ағылшын тілі мұғалімі А.А. Жапарова сабақтарды өткізуде және қалыптастырушы бағалау үшін «Nearpod» платформасын қолдану, мұғалім практикасында пайдаланылатын әдістер мен тәсілдер туралы айтып берді.
Математика мұғалімі Д.Р. Тендик қашықтықтан оқыту мәселесі, әдістер мен тәсілдерге тоқталып, түрлі платформалардың ерекшеліктерімен таныстырды. «Edupage» платформасы және оны 7-11 сыныптарда математика сабақтарында қолдану туралы толық ақпарат берді.
Физика мұғалімі К.Б. Ауельбаева онлайн оқытудың функциялары мен артықшылықтарын көрсетті. Сонымен бірге интерактивті сабақ, алуан түрлі тапсырмаларды көрсетіп, тапсырмаларды бағалау және физика сабақтарында графикалық планшетті пайдалану мәселесін қозғады.
Дарынды қыз балаларға арналған «БІЛІМ- ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты педагогтерінің жұмыс тәжірибесі қатысушылардың қызығушылықтарын тудырды.