Жаңалықтар мұрағаты
Конкурстар және  жобалар Қашықтықтан оқыту қорытынды аттестаттау 9 сынып 2020 ОБ ОЖСБ Пәндер --> Барлық құттықтаулар!
Орыс тілінде оқытатын БАСТАУЫШ МЕКТЕП МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН ҚЫСҚЫ МЕКТЕП
25-12-2020 20:44
Орыс тілінде оқытатын БАСТАУЫШ МЕКТЕП МҰҒАЛІМДЕРІНЕ  АРНАЛҒАН ҚЫСҚЫ МЕКТЕП
 Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы 2020 жылғы 25 желтоқсан күні онлайн режимде бастауыш сынып мұғалімдері, аудандық, қалалық білім беру бөлімдерінің әдіскерлері, директорлардың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, қалалық және аудандық әдістемелік бірлестіктердің жетекшілеріне   арналған қысқы мектепті өткізді.
Қысқы мектептің мақсаты бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби және тұлғалық өсуі, тәжірибемен бөлісу, алмасу алаңын құру және сол тәжірибені демалыс уақытында білімдегі олқылықтардың орнын толтыру үшін практикада қолдану.
Семинар тақырыбы  «Жылдам оқу дағдыларын және оқу сауаттылығын қалыптастыру», «Есептеу дағдыларын дамыту».
Оқу дағдысы, оқу құзыреттілігі барлық кейінгі білімнің негізі болып табылады.  Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының әдіскері Н.Н. Жолдыбаева бастауыш сынып оқушыларының оқу құзыреттілігін қалыптастыру, жылдам оқудың тиімді тәсілдері туралы айтып берді.
Екібастұз қ. № 21 ЖОМ педагогтері Ж.Т. Умербекова, Е. А. Полуда  А.Т. Жакупова  және №24 мектеп-гиназияның педагогі А. Б. Адамова мектептің жұмыс тәжірибесін, 1-2 сынып оқушыларының оқу тиімділігін арттыру бойынша әзірленген дидактикалық материалды ұсынды.
Павлодар қ. №39 гимназиялық сыныптары бар инновациялық үлгідегі ЖОМ мұғалімдерінің шығармашылық тобы А.М. Павлинина, Л.Д. Болехивская, Е.Ю. Ендураева «Оқу сауаттылығы мектебі» арнайы курсын өткізуді ұйымдастырудағы тәжірибелерімен бөлісіп, қашықтықтан оқыту режимінде оқыту әдістемелік кешен электрондық құралын және жұмыс дәптерін ұсынды.
Павлодар қ. дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернаттың бастауыш сынып мұғалімі А. Ж. Тенизова  PIRLS халықаралық зерттеулеріне тапсырмаларды әзірлеу бойынша облыстың бастауыш сынып мұғалімдері шығармашылық тобы және қауымдастығының «Әр түрлі мәтіндермен жұмыс істеу. 4-сынып» жұмысын ұсынды. 
 Павлодар ауданы Кемеңгер ЖОМ-нің педагогі Е. В. Бычковская сабақтан тыс уақытта балалардың өздігінен кітап оқуын ұйымдастыру бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, 1-4 сыныптарға оқу үшін кеңес берілетін көркем әдебиеттер тізімін берді.  
Екібастұз қ. №6 мектеп-лицейінің мұғалімі Н.В. Марахова білім беру платформаларын, тренажерларды, Play Маркет қосымшаларын пайдалану арқылы есептеу дағдыларын дамыту жолдарымен бөлісті. 
Семинарды өткізу барысында оқу үлгерімінің және оқу сапасының  мониторингін жүргізу, білімдегі олқылықтардың орнын толтыруға байланысты ұсынымдар берілді. 
Тыңдаушылар бастауыш білім беру саласындағы жұмыстың жаңа әдістері мен тәсілдерін іздеуге ынталы.