Жаңалықтар мұрағаты
Конкурстар және  жобалар Қашықтықтан оқыту қорытынды аттестаттау 9 сынып 2020 ОБ ОЖСБ Пәндер --> Барлық құттықтаулар!
Оқушыларды жоғары оқу орындарына түсуге дайындаудың өзекті мәселелері
25-12-2020 20:40
Оқушыларды жоғары оқу орындарына түсуге дайындаудың өзекті мәселелері

Білім беруді дамытудың Инновациялық орталығы 25 желтоқсанда облыс педагогтеріне «Оқушыларды жоғары оқу орындарына түсуге дайындаудың өзекті мәселелері» тақырыбында диалогтік алаңша өткізді.

Оқу жылының аяқталуына байланысты мектеп түлектері қорытынды аттестаттау процедурасынан өтеді, орта білім туралы аттестат алады. Жоғары оқу орындарына түсу үшін Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырады. Қорытынды аттестаттауда және ҰБТ тапсыруда «Қазақстан тарихы» міндетті, «Дүнижүзі тарихы» және «Құқық негіздері» пәндері  тандау пәні болып табылады.

Қорытынды аттестаттауға және жоғары оқу орындарына түсуге дайындық іс-тәжірибесімен Ертіс ауданының №2 ЖОМ-ның тарих мұғалімі Ү.Т. Досмагамбетова, Ақтоғай ауданының М.Қайырбаев атындағы ЖОМ-ның  тарих және география мұғалімі А.Р. Макашева, Павлодар ауданының Шақат ЖОМ-ның тарих мұғалімі С.Б. Аралов және Павлодар ауданының Ольгин ЖОМ-ның тарих және география мұғалімі Л.А. Жидолович бөлісті.

Диалог барысында педагогтер оқытудың дәстүрлі және қашықтық форматы жаңдайында мүмкін болатын жұмыстың тиімді тәсілдерін анықтап, талқылады.

Инновациялық орталық әдіскері  А.А. Жакиенова тарих және құқық пәндерінен білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды жою және толықтыру бойынша жұмыс жоспарын талқылауға ұсынды, оны  тарих және құқық пәндері педагогтерінің Қауымдастығы жүзеге асыратын болады.