Жаңалықтар мұрағаты
Қашықтықтан оқыту қорытынды аттестаттау 9 сынып 2020 ОБ ОЖСБ Пәндер --> Барлық құттықтаулар!
Өңірде үштілді білім беруді енгізуді жүзеге асыру
16-10-2020 15:09
Өңірде үштілді білім беруді енгізуді жүзеге асыру
16 қазан күні Білім беруді дамытудың инновациялық орталығында аудандық және қалалық әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері және дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептер директорлары орынбасарларының мәжілісі өтті. Кеңеске қатысушылар өңірде үштілді білім беруді енгізу барысы туралы мәселені талқылады. Олар үштілді білім беру қалай енгізіліп жатқаны туралы, жергілікті жерлерде шешілмеген мәселелер, пәннің игерілуін бақылауды жүзеге асыру, көптілді педагогке әдістемелік сүйемелдеу мен қолдау көрсету бойынша жүйелі жұмысты ұйымдастырудың қандай тетіктері қамтамасыз етілгені немесе қамтамасыз етуді қажет ететіндігі жөнінде ақпаратпен алмасты.
Кеңесте Ақтоғай ауданы білім беру бөлімінің МК меңгерушісі Д.С. Оспанова, Тереңкөл ауданының білім беру бөлімі МК меңгерушісі Г.С. Құсайынова, Павлодар ауданы білім беру бөлімінің МК меңгерушісі М.А. Кауметова, Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған облыстық көп салалы лицей-интернаты директорының орынбасары Г.Б. Нұрғазина сөз сөйлеп, Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының әдіскері Н. С. Жантурина облыстың білім беру ұйымдарына үштілділікті енгізудің алдағы жоспарлары туралы қысқаша айтып берді.
Мәселені талқылау соңында үш тілді білім беру өзара байланысты және өзара тәуелді әлем жағдайында жас ұрпақты өмірге дайындаудың пәрменді құралы болып табылатыны атап өтілді. Әдістемелік қызметтің міндеті-осы маңызды және өзекті міндетті шешу үшін жағдай жасау, тілдерді оқытудың тиімді әдістерін іздеу, өңірдегі үштілді білім берудің нәтижелерін бекіту және сапасын арттыру.
Кеңесте облыс педагогтері қауымдастығының жұмыс мәселелері қаралды.