Жаңалықтар мұрағаты
Қашықтықтан оқыту қорытынды аттестаттау 9 сынып 2020 ОБ ОЖСБ Пәндер --> Барлық құттықтаулар!
Қашықтықтан оқыту жағдайында өзін-өзі тану мұғалімдерінің қызметі туралы
14-10-2020 15:40
Қашықтықтан оқыту жағдайында өзін-өзі тану  мұғалімдерінің қызметі туралы
           2020 жылғы 14 қазан күні Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы «Қашықтықтан оқыту жағдайында өзін-өзі тану мұғалімдерінің жұмысы» тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырды. 
          Іс-шараға орта білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін өзін-өзі танудан 98 мұғалім қатысты.
Павлодар қ. №14 ЖОМ-нің өзін-өзі тану мұғалімі Людмила Викторовна Иваненко қашықтықтан оқыту жағдайында өзін-өзі тану мұғалімінің рөлі туралы айтып берді. 
         Ақсу қ. №8 ЖОМ-нің мұғалімі Виктория Владимировна Педосенко «Өзін-өзі тану» пәнін оқытуда қолданылатын тиімді интернет-ресурстар туралы баяндап, көрсетті.
Семинар қатысушылары талқыланған тақырыпқа қызығушылық танытып, жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.