Жаңалықтар мұрағаты
Қашықтықтан оқыту қорытынды аттестаттау 9 сынып 2020 ОБ ОЖСБ Пәндер --> Барлық құттықтаулар!
Мектепке дейінгі ұйымның «Жас әдіскер мектебі»
14-10-2020 11:57
Мектепке дейінгі ұйымның «Жас әдіскер мектебі»
Павлодар облысы Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы  2020 жылғы 14 қазан күні  «Мектепке дейінгі ұйымда тәрбие және оқыту сапасын басқару» тақырыбы бойынша мектепке дейінгі ұйымның «Жас әдіскер мектебінің» кезекті онлайн сабағын өткізді. 
       Әдіскер Б.С. Барамбаева мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбие және оқыту сапасын басқарудың түрлері, нысандары мен әдістері туралы айтып берді.
    Павлодар қаласының №96 сәбилер бақшасының әдіскері Н.А. Бессонова балабақшадағы әдістемелік жұмыстың талдау қызметін ұйымдастыруға байланысты жұмыс тәжірибесімен бөлісті.
         Семинардың практикалық бөлімінде Павлодар қаласының №96 cәбилер бақшасының психологі С.А. Марилова жас әдіскер мектебінің тыңдаушылары үшін "Мектепке дейінгі ұйымдағы тайм-менеджмент" тақырыбы бойынша тренинг өткізді, содан соң осы тақырып бойынша сұрақтар мен жауаптардың еркін микрофоны ұйымдастырылды. 
Сабақ соңында жас әдіскер мектебінің тыңдаушыларына ұсынымдар берілді.