Жаңалықтар мұрағаты
Қашықтықтан оқыту қорытынды аттестаттау 9 сынып 2020 ОБ ОЖСБ Пәндер --> Барлық құттықтаулар!
Инновациялық педагогикалық тәжірибені жалпылау
12-10-2020 12:10
Инновациялық педагогикалық тәжірибені жалпылау

             Білім беруді дамытудың инновациялық орталығында 9 қазан күні облыстық Жас әдіскер мектебі өз жұмысын жалғастырды.  Мектеп тыңдаушылары әдістемелік қызметтің күрделі салаларының бірін талқылады.   Озық педагогикалық тәжірибені анықтау, зерттеу, жалпылау және тарату білім беру әдістемелерін жан-жақты білуді, мұғалімдер педагогикалық «шеберлігінің» ерекшеліктерін анықтауға байланысты көп еңбекті және уақытты талап ететін жұмыс. 

Өз тәжірибесін жалпылайтын мұғалімдерге қойылатын талаптар және бұл мәселені сәтті шешудегі әдіскердің рөлі қандай екендігін Қазақстан республикасы білім беру жүйесінің Құрметті қызметкері, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Гульсина Шайдуллина Шиндлярская айтып берді.  Жас әдіскерлермен өз тәжірибесімен Павлодар қаласы № 21 орта мектептің директоры, 2020 жылғы Әдістемелік идеялар республикалық фестивалінің жеңімпазы Ольга Ивановна Рауш бөлісті.
       Нәтижесінде қатысушылар Республикалық Сараптамалық кеңестің қарастыруы үшін инновациялық педагогикалық тәжірибені жалпылауға байланысты құжаттар мен материалдарды рәсімдеу бойынша Нұсқаулықпен және республикалық сараптамалық кеңес Ережесімен танысты.
      Тыңдаушылар жыл соңында өз әдістемелік әзірлемелерін ұсынып,  «Заманауи әдістемелік қызмет» жобасын қорғауға қатысумен оқуларын тәмамдайды.