Жаңалықтар мұрағаты
Қашықтықтан оқыту қорытынды аттестаттау 9 сынып 2020 ОБ ОЖСБ Пәндер --> Барлық құттықтаулар!
STEM-оқыту заманауи мектепте
25-09-2020 16:17
STEM-оқыту заманауи мектепте

2020 жылғы 25 қыркүйек күнінде Инновациялық білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен информатика, химия, биология және физика пәні мұғалімдеріне арналған "STEM – білім беруді жүзеге асырудағы ғылыми - педагогикалық тәсілдер"атты семинар өтті.

Іс - шара барысында мектепте STEM-оқытудың қажеттілігі мен артықшылықтары туралы Инновациялық орталықтың әдіскері Ж.А. Слямова айтып берді. Педагогтарға жаратылыстану – математикалық цикл пәндері сабақтарында STEM – технологияны қолдану Ертіс ауданы №2 Ертіс жалпы орта білім беру мектебінің информатика пәнінің мұғалімдері                                З. К. Бекниязова, және Ы. Б. Жакупова, биология пәнінің мұғалімі Амиржанова Р. Б., физика пәні мұғалімі Мамбетова А. А. тәжірибесі ұсынылды. Дарынды балаларға арналған облыстық көпсалалы лицей – интернатының химия пәнінің мұғалімі М. Н.Сагитова мектепте STEM – оқытуды енгізу және дамыту туралы айтып берді. Ақсу қаласының №4 жалпы орта білім беру мектебінің физика пәні мұғалімі О.О. Есенғожинов физика кабинетіндегі STEM - зертхананың жұмысын көрнекі түрде көрсетті.

Семинарға облыстың жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептерінің 100-ден астам мұғалімдері, жетекшілік ететін әдіскерлер қатысты.

Өткізу форматы – қашықтықтан.

Семинар жұмысының қорытындысы бойынша заманауи мектепте STEM – оқыту мәселелері бойынша ұсыныстар берілді.