Жаңалықтар мұрағаты
Қашықтықтан оқыту қорытынды аттестаттау 9 сынып 2020 ОБ ОЖСБ Пәндер --> Барлық құттықтаулар!
Отбасы – баланы әлеуметтендіру факторы
25-09-2020 09:49
Отбасы – баланы әлеуметтендіру факторы

2020 жылғы 24 қыркүйекте Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтендіру мен тәрбиелеуде отбасының рөлі» тақырыбында онлайн диалогтік алаңша өткізді. Оған директорлардыорынбасарлары, пән мұғалімдері, педагог-психологтер, логопедтер, дефектологтер, тьюторлар қатысты.

Алаңша жұмысы орталық әдіскері Ә.Ш.Сипатованың сөзінен басталды, ол өз сөзінде баланы әлеуметтендірудің ең маңызды және әсер етуші факторы отбасы болғанын және болып қалатынын атап өтті.

Диалог аясында Май ауданының психологтік-педагогикалық реттеу кабинетінің әдіскері Г.К. Сыздыкова сөз алды, ол реттеушілік-дамытушылық үдеріске ата-аналарды тарту туралы айтты. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қолдау көрсетудің кешенді амалдары туралы Баянауыл ауданының Ш.Айманов атындағы мектеп-интернаты директорының орынбасары А.Т.Түсіпбекова және логопед А.У.Багимбекова айтып берді. Павлодар қаласының №15 ЖОМ директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Б.К. Капбасова және сынып жетекші А.А. Мамжанова бала тұлғасын қалыптастыру бойынша бірлескен жұмыс нәтижесін көрсетті.  Павлодар қаласының №6 ЖОМ-ның инклюзияны қолдау кабинетінің тьюторы және мұғалім-дефектологі А.Ж.Джумадиева «Инклюзивтік практиканы жүзеге асыру жағдайында балаларды тьюторлық сүйемелдеу» тақырыбы бойынша сөз сөйледі. Қашықтықтан оқыту жағдайында оқушылар мен ата-аналарды психологиялық қолдау туралы Павлодар қаласындағы ХББ НЗМ педагог-психологі Шумахер О.В. ой бөлісті.

         Диалог қорытындылары бойынша өзара әрекеттестік жолдары мен шешімдері ұсынылды, бірлескен әрекет бағыттары белгіленді.