Жаңалықтар мұрағаты
Қашықтықтан оқыту қорытынды аттестаттау 9 сынып 2020 ОБ ОЖСБ Пәндер --> Барлық құттықтаулар!
Өз жолымызды таңдаймыз
18-09-2020 17:24
Өз жолымызды таңдаймыз

Павлодар облысының Білім беруді дамытудың Инновациялық орталығы  2020 жылғы 18 қыркүйекте тәрбие жұмысы жөніндегі директорлардың орынбасарлары, педагог-психологтер және әлеуметтік педагогтерге арналған «Өз жолымызды таңдаймыз» тақырыбында облыстықсеминар-практикум өткізді.

Семинар барысында «Ertis» жоғары аграрлық инновациялық колледжінің тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары Дюсенов Ерсайын Қабидоллаұлы, Тереңкөл ауданының Қ.Оспанова атындағы ЖОМ-ның тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары Асылғожина Индира Еркінқызы, сондай-ақ, дарынды балаларға арналған облыстық көпсалалы лицей-интернаты директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Сейталиев Бауыржан Бейсембайұлы сөз сөйледі. Сөз сөйлеушілер оқу орнындағы білім алушылармен өткізілетін кәсіптік бағдар жұмысы жөнінде айтты.

ББДИО әдіскері Кожина Зәмзәгүл Сүтешқызы қорытынды шығарып, мектепте кәсіптік бағдар жұмысын өткізу бойынша әдістемелік ұсынымдар берді.