Жаңалықтар мұрағаты
Қашықтықтан оқыту қорытынды аттестаттау 9 сынып 2020 ОБ ОЖСБ Пәндер --> Барлық құттықтаулар!
МДҰ –ның «Жас әдіскер мектебі»
21-05-2020 14:29
МДҰ –ның «Жас әдіскер мектебі»

Павлодар облысы Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының мектепке дейінгі білім беру бөлімі 2020 жылғы 21 мамырда «Мектепке дейінгі ұйымдағы әдістемелік жұмыстың мазмұны» тақырыбы бойынша «Мектепке дейінгі ұйымның жас әдіскер мектебінің» кезекті онлайн сабағын өткізді.

      Әдіскер Б. С. Барамбаева МДҰ-дағы әдістемелік жұмыстың мазмұны, ғылыми-әдістемелік, ақпараттық, нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету және мектепке дейінгі мекеменің әдістемелік кабинетіне қойылатын талаптар туралы дәріс өткізді. ББДИО-ның  инновациялық - зерттеу бөлімінің әдіскері  Өсен Еркегүл мектепке дейінгі мекеменің педагогтарын аттестациялаумен қамтамасыз ету туралы айтты.                

      Практикалық бөлімде әдістемелік жұмысты жоспарлау және үйлестіру кезінде әдіскердің кәсіби функциялары мен іскерліктері туралы пікірталас ұйымдастырылды.

     Жас әдіскер мектебінің сабақ соңында тыңдаушылар алған ақпаратты практикада  қолдану туралы пікірлерімен бөлісті.