Жаңалықтар мұрағаты
Қашықтықтан оқыту қорытынды аттестаттау 9 сынып 2020 ОБ ОЖСБ Пәндер --> Барлық құттықтаулар!
ХХІ ғасыр дағдыларын дамыту
14-05-2020 11:11
ХХІ ғасыр дағдыларын дамыту

2020 жылғы 13 мамыр күні  Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы  «ХХІ ғасырда ағылшын тілін оқытуды жетілдіру» тақырыбында облыстық онлайн – семинар  өткізді.

Павлодар қ. дарынды балаларға арналған № 3 гимназиясының ағылшын тілі мұғалімі Е. С. Рахманбергенова «Learner centered activities according Brown's principles of teaching English» тақырыбында баяндама жасады. Өз баяндамасында American English E-teacher program онлайн-курстарына, атап айтқанда, 2019 жылдың желтоқсан айынан 2020 жылдың наурыз айына дейін өткен «TESOL methodology» курстарына қысқаша шолу жасады. Курс өте көлемді, сондықтан осы шеберлік сағатында белгілі американдық ғалым-әдіскер Дуглас Браунның ұстанымдары бойынша құрылған «Оқушыға бағытталған тапсырмалар арқылы сөйлеуге үйрету» атты бір аспекті қарастырылды.

Филология ғылымдарының кандидаты, ИнЕУ профессоры Г. А. Хамитова өз баяндамасында ағылшын тілін оқыту кезінде оқу үрдісінде қолданылатын негізгі заманауи трендтерді қарастырды: аралас оқыту (Blended Learning), мобильді оқыту (Mobile Learning), оқыту үрдісін геймификациялау (gamification), мультикультурализм кеңістігінде оқыту (embodied learning), нақты өмір негізінде оқыту (inquiry-based learning), ағылшын тілі әлемдік тіл ретінде (English as a Lingua Franca, ELF), арнайы қажеттіліктері бар балаларды оқыту. Сонымен қатар, ағылшын тілін оқыту бойынша оқушылардың түрлі санаттарымен жұмыс істеуге арналған онлайн-дереккөздер ұсынылды.

«Tools and Resources for the English language teaching» тақырыбы бойынша Павлодар қ. Назарбаев Зияткерлік мектебінің ағылшын тілі мұғалімі, білім берудегі көшбасшылық саласындағы ғылым магистрі Б. М. Амирова сөз сөйледі. Педагог әр түрлі технологиялармен, жаңа ресурстармен бөлісті, мұғалімдерге оқытуды қызықты әрі пайдалы етуге көмектесетін құралдарды ұсынды. Сонымен қатар онлайн оқыту режимінде мұғалімнің кәсіби дамуына ықпал ететін бірнеше ресурстар қарастырылды.

Павлодар қ. Америка бұрышының үйлестірушісі Т. К. Сульбаев ағылшын тілі мұғалімдері үшін жоспарланған іс-шаралар туралы айтты.

Инновациялық орталықтың әдіскері Г. К. Сагинаева семинарды бастап, барлығын Павлодар облысының педагогтар қауымдастығының ережесімен таныстырды.

 Семинар қорытындысы бойынша қонақтар ағылшын тілін оқытудың заманауи әдістемесі бойынша туындаған сұрақтарға жауап берді. Қатысушылар семинардың практикалық бағыттылығы мен уақтылығын атап өтіп, өз тәжірибесін дамытудың жаңа тиімді мүмкіндіктерін анықтады.