Жаңалықтар мұрағаты
Қашықтықтан оқыту қорытынды аттестаттау 9 сынып 2020 ОБ ОЖСБ Пәндер --> Барлық құттықтаулар!
«Жыл мұғалімі – 2020» облыстық конкурсы туралы баспасөз хабарламасы
19-02-2020 14:59

2020 жылғы ақпан – сәуір айларында «Жыл мұғалімі – 2020» облыстық конкурсы өткізіледі. Ұйымдастырушылар  –  Павлодар облысының білім беру басқармасы,  Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы.

Конкурстың мақсаты – педагогтің оң имиджін қалыптастыру, педагогикалық тәжірибені анықтау және тарату, мұғалімдердің кәсіби шеберлігін ынталандыру.    

Конкурс қатысушылары – 5 жылдан кем емес еңбек өтілі бар білім беру ұйымдарының педагогтері, «Жыл мұғалімі – 2020» конкурсының аудандық/қалалық кезеңдерінің жеңімпаздары.

        Бірінші кезең18 ақпаннан 21 ақпанға дейін (сырттай): қатысушының әдістемелік портфолиосы (әдістемелік-дидактикалық материалдар, сандық білім беру ресурстары (СБР), авторлық бағдарламалар, жобалар).

Екінші кезең- 24 ақпаннан 28 ақпанға дейін (іштей): эссе жазу. Өткізілу орны: Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы (Бектұров к., 14А).

        Үшінші кезең–  9 наурыздан 13 наурызға дейін (іштей) екі кезеңде өтеді:

     1.Педагогикалық тәжірибе көрінісі (Pitch-презентация).

     2.Педагогикалық жағдаятты шешу.

    Төртінші кезең – 6 сәуірден 24 сәуірге дейін (іштей):

1.     Тәрбие жұмысының дағдыларын көрсету: сыныптан тыс іс-шара өткізу.

2.     Мектептегі пән бойынша сабақ: оқу үдерісін ұйымдастыруда мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін бағалау.

Конкурс Ережесімен Павлодар облысының білім беру басқармасының edupvl.gov.kzжәне Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының icrov-pvl.gov.kz. сайтаттарынан танысуға болады.

Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі Мұғалімдер күніне арналған облыстық мереке аясында өтеді.