Жаңалықтар мұрағаты
қорытынды аттестаттау 9 сынып 2020 ОБ ОЖСБ Барлық құттықтаулар!
Қазіргі оқыту технологиялары
06-02-2020 17:55
Қазіргі оқыту технологиялары

2020 жылдың 6 ақпанында білім беруді дамытудың инновациялық орталығы «Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалардың оқыту үдерісіне тиімді әдістер мен технологияларды енгізу» атты  тақырып бойынша диалог алаңын өткізді. Оған аймақтағы 30 дан астам мұғалімдер қатысты.

Диалогтық алаңының жұмысы арнайы және инклюзивті білім беру бөлімінің әдіскерінің Д.А. Сарсекееваның кіріспе сөзінен басталды. ЕБҚ  балаларға кедергісіз білім берудің  маңызды мәселелерін талқылады. ЕБҚ балаларымен жұмыс жасауда ойын сәттері мен кинезиология элементтерін қолдану туралы Баянауыл ауданының Майкаино №2 орта мектебінің педагог-психологы Татьяна Нефельд ұсынды. Аутизмі бар балалармен АВА терапиясының мінез-құлқына қолданбалы талдауды қолдана отырып, тьюторлық қолдау көрсету туралы Павлодар қаласының № 6 орта мектебінің инклюзивті қолдау мектебінің тьюторы Бейсембекова Мадина Ерсінқызы ұсынды, Ақсу қаласы, Береке ауылындағы орта мектептің қазақ тілі мұғалімі Төрехан Гүлсара қазақ тілі сабағында ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың сыни ойлауын дамыту технологиясы туралы айтты. Мұғалімдер жағынан инклюзивті білім берудің өзекті тақырыптары бойынша келесі кездесулерге қызығушылық танытты.

Жұмыс нәтижесі бойынша әдістемелік ұсыныстар берілді