Жаңалықтар мұрағаты
қорытынды аттестаттау 9 сынып 2020 ОБ ОЖСБ Барлық құттықтаулар!
ҚР БҒМ кеңейтілген алқасының секциялық отырысы
03-02-2020 10:24
ҚР БҒМ кеңейтілген алқасының секциялық отырысы

2020 жылдың 30 қаңтарында Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-де «Педагог мәртебесі туралы «ҚР Заңы және 2020-2025 жылдарға арналған МЖМББ шеңберінде мектепке дейінгі және орта білім беру жүйесінің негізгі басым бағыттары» атты ҚР БҒМ кеңейтілген алқасының секциялық отырысы өтті. Отырысқа облыстық, аудандық және қалалық әдістемелік кабинеттердің басшылары қатысты.

Отырыста мектепке дейінгі және орта білім берудің                              2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясындағы міндеттері, «Құндылықтарға негізделген білім беру» жобасын іске асыру арқылы мектеп, колледж және ата-аналардың өзара іс-қимылының жаңа форматы, педагогикалық этика жөніндегі кеңестің жұмысын ұйымдастыру ережесі, «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңынан туындайтын нормативтік-құқықтық актілер, педагогтардың біліктілігін арттыру мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілер, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметін регламенттеу мәселелері қарастырылды.

2020 жылғы 31 қаңтарда ҚР БҒМ Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясында облыстық, аудандық және қалалық әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері өткізілген алқа мен секциялар жұмысына қатысты.

Секция отырысында Қазақстан Республикасының Білім және Ғылымын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, әдістемелік өзара іс-қимыл және 2020 жылға арналған жоспарлар, әдістемелік қызметтер қызметінің жағдайы мен перспективалары, мектепте оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың өзекті мәселелері, орта мерзімді жоспарлау, «Жалпы білім беретін мектептерде психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметін ұйымдастырудағы  ұтқыр мұғалім» мәселелері қаралды.