Жаңалықтар мұрағаты
қорытынды аттестаттау 9 сынып 2020 ОБ ОЖСБ Барлық құттықтаулар!
Оқу үдерісінде жасөспірімдер арасында өзін-өзі ұстау дағдысын қалыптастыру мәселесі
29-01-2020 17:04
Оқу үдерісінде жасөспірімдер арасында өзін-өзі ұстау дағдысын қалыптастыру мәселесі

Білім беруді дамытудың Инновациялық орталығы 2020 жылғы 29 қаңтарда «психологиялық қызмет: диагностикадан мәселелерді шешу жолдарына дейін» тақырыбында семинар-практикум өткізді. Семинар жұмысына 25 педагог-психолог қатысты.

Семинар аясында №29 ЖОМ педагог-психологы, Павлодар облысының кәмелетке толмағандар арасында суицидтік көріністердің алдын алу мәселелері бойынша жұмыс тобының мүшесі Ольга Витальевна Стулованың тәжірибесі ұсынылды. Ол күйзелістің негізгі факторлары мен зерттеулерін және олардың жасөспірімдерге әсері туралы айтты. Семинарға қатысушылар стресс түсінігін және оның түрлерін қарастырды, стресске төзімді жасөспірімнің портретін құрды, оқушылар арасында стресске төзімділікті қалыптастыру ережелерін әзірледі және ережелерін қабылдады.

  Өзінің жұмыс тәжірибесін №8 лицей-мектебінің педагог-психологы Римма Нургалиевна Абигузина ұсынды, ол жоғары сынып оқушыларының шиеленісті жағдайларында өзін-өзі реттеу және эмоциялық тұрақтылық дағдыларын дамыту үшін жүйке-психикалық шиеленісті төмендету мақсатымен "жасөспірімдермен топтық диагностикалық жұмыс" атты тренинг-сабағын өткізді.

Тәжірибелік бөлімінде білім беруді дамытудың Инновациялық орталығының тәрбие жұмысы және тұлғаны  әлеуметтендіру бөлімінің әдіскері К. А. Мундуинова семинарға тыңдаушыларымен  «Мен өмірді таңдаймын» тақырыбында коучинг өткізді, бұл коученгте қатысушылар өз мектептерінде «Мен өмірді таңдаймын» акциясы аясында өткізілетін шаралардың жоспар-жобасын құрастырды.

Семинар соңында қатысушыларға әдістемелік ұсыныстар, жадынамалар берілді.