Жаңалықтар мұрағаты
Қашықтықтан оқыту қорытынды аттестаттау 9 сынып 2020 ОБ ОЖСБ Пәндер --> Барлық құттықтаулар!
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру және 9-сыныптарда қорытынды аттестаттау бойынша семинар
08-01-2020 16:30
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру  және 9-сыныптарда қорытынды аттестаттау бойынша семинар

2020 жылғы 8 қаңтарда Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі базасында «Заманауи жағдайда оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруды педагогикалық сүйемелдеу» тақырыбында тәжірибелік-бағытталған семинар өткізді, 9-сыныптарда қорытынды аттестаттау мәселелері қаралды. Облыс мектептерінің 550-дан астам педагогы қамтылды.

Семинар барысында оқу пәндері бойынша оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мәселелері, білім алушылардың білім деңгейін арттыру тәсілдері және оқу практикасында функционалдық сауаттылықты бағалау критерийлері қаралды.

Функционалдық сауаттылықты бағалауға тест тапсырмаларын әзірлеу бойынша шеберлік сағаттары берілді. Облыс мұғалімдері тест спецификациясы бойынша тапсырмаларды әзірлеу жөнінде практикалық ұсыныстар алды.

Семинар қатысушыларына жаңа формат бойынша негізгі орта білім беру курсы үшін қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу бойынша ақпарат ұсынылды, нормативтік-құқықтық сүйемелдеу мәселелері қаралды.

Бастауыш сынып мұғалімдері үшін Павлодар қ. «Педагогикалық шеберлік орталығы» филиалының тренерлері К.С.Альмагамбетов және ИИ.Айдарханова критериалды бағалау бойынша тапсырмаларды құрастыру кезінде функционалдық сауаттылықты дамыту бойынша шеберлік сағаттарынөткізді.

Барлық қатысушылар тарату материалдарымен қамтамасыз етілді.