Жаңалықтар мұрағаты
Қашықтықтан оқыту қорытынды аттестаттау 9 сынып 2020 ОБ ОЖСБ Пәндер --> Барлық құттықтаулар!
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында білім алушылардың «Шаңырақ» қауымдастығын құру семинар-практикумы
06-01-2020 17:33
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында білім алушылардың «Шаңырақ» қауымдастығын құру семинар-практикумы

2020 жылғы 6 қаңтарда Павлодар облысы Білім беру басқармасының білім беруді дамытудың инновациялық орталығы облыстық олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде «Рухани жаңғыру бағдарламасын іске асыру аясында «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығын құру» тақырыбында облыстық семинар-практикум өткізді. Семинар жұмысына облыстық білім беру бөлімдерінің әдіскерлері мен тәрбие жұмысы бойынша директорлардың 70-тен астам орынбасарлары қатысты.

Семинар аясында «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығын құру бойынша НЗМ тәжірибесі ұсынылды. Павлодар  қаласының  химия-биология бағытындағы НЗМ тәрбие жөніндегі директордың орынбасары Көпеев Арслан Жастілекұлы және педагог-ұйымдастырушы-кураторлары Айтмағамбетова Алтынай Серікова, Айбекова Арайлым Жайлауқызы тәжірибе  презентациясын  ұсынды.

Тәжірибелік бөлімінде Білім бердуді дамытудың инновациялық орталығының әдіскерлері Аушахманова Б.Т., Кожина З.Т., Мундуинова К.А. директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына оқушылардың өзін-өзі басқаруды құрудың жоспарын ұсынды, семинарға қатысушылар «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығын ендіру жобасының жоспарын құрды. 

Семинар соңында қатысушыларға әдістемелік ұсыныстар берілді.