Жаңалықтар мұрағаты
Пәндер Барлық құттықтаулар!
Әстемелік қызметтің заманауи жүйесін қалыптастыру
27-12-2019 14:56
Әстемелік қызметтің  заманауи жүйесін қалыптастыру

27 желтоқсан күні Білім беруді дамытудың инновациялық орталығында аудандық және қалалық білім беру бөлімдерінің әдістемелік кабинеттерінің меңгерушілері мен Павлодар облысының мамандандырылған мектептері директорларының орынбасарларының семинар-кеңесі өтті.

Кеңесте жас мамандарды әдістемелік қолдаудың, ата-аналар қауымдастығымен өзара әрекеттестіктің, 2020 жылғы әдістемелік қызметттер  жұмысының өзекті мәселелері талқыланды.

Павлодар ауданы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі М.А. Кауметова жас мамандармен жұмыс және Жас мұғалімдер мектебі жайлы баяндады. Ертіс ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі А. Т. Садыкова ата-аналар жиналысын ұйымдастыру және өткізу тәжірибесімен бөлісті.

Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының басшысы               А.А. Жакиенова  қатысушыларға жас мамандардың кәсіби шеберлігін арттыруға ғана емес, сонымен қатар жастарды педагогикалық қоғамда жұмыс істеу және еңбек жағдайына бейімдеу бойынша пәрменді шаралар қабылдауды; ата-аналармен ұсынылған жұмыс тәжірибесін практикалық қызметте пайдалану үшін барлық ведомстволық ұйымдардың назарына жеткізуді тапсырды.

ББДИО бөлімдерінің басшылары Н.С. Жантурина және                                            Л.С. Серикбаева «Мектепке дейінгі білім беру педагогы – 2020», «Жыл мұғалімі – 2020» облыстық конкурстарының жаңа форматтағы жобаларын талқылауға ұсынды.

2019 жылдың қараша-желтоқсан айларында өткен педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау қорытындысы және қорытынды аттестаттау мен халықаралық зерттеулерге дайындық мәселелері шығарылды.

Кездесудің екінші бөлімінде «Инновациялық-әдістемелік қызмет нәтижелерінің сараптамасы» атты оқыту семинары өткізілді. Семинарды                  ф.ғ. д., профессор Бейсембаев А. Р. өткізді. Ол педагогтардың инновациялық және зерттеу жұмыстарының мазмұны мен рәсімделуіне қойылатын негізгі талаптарды және инновациялық-әдістемелік қызметтің нәтижелерін сараптау әдістемесі жайлы айтты.Семинар қатысушыларына ұсыныстар ретінде «Инновациялық-әдістемелік қызмет нәтижелерін карталау» кестесі ұсынылды.