Жаңалықтар мұрағаты
Пәндер Барлық құттықтаулар!
Мектепке дейінгі ұйымдардың жас жетекшілеріне арналған "Дебютант" мектебінің оқуы туралы
25-11-2019 11:32
Мектепке дейінгі ұйымдардың жас жетекшілеріне арналған

2019 жылғы 22 қарашада Павлодар облысы Білім беруді дамытудың инновациялық орталығында облыстың мектепке дейінгі ұйымдарының жас жетекшілері  "Дебютант" мектебінің қорытынды оқуы өтті.

    Оқытудың мақсаты мектепке дейінгі ұйымдардың қызметін ұйымдастыру және сапалы басқару негіздері бойынша қорытынды шығару және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың сапасын жетілдіру бойынша басшының кәсіби басқару дағдыларын дамыту.

  Оқыту барысында қатысушылар мектепке дейінгі ұйымның басқару мәселелері бойынша өз жобаларын ұсынды және мектепке дейінгі ұйымды ұйымдастыру мен басқару бойынша инновациялық тәсілдер туралы өз идеяларымен бөлісті.

     Білім беруді дамытудың Инновациялық орталығының әдіскері Б. С. Барамбаева мектепке дейінгі ұйымның жетекшілері үшін әзірленген «Мектепке дейінгі ұйымды заманауи басқару»  әдістемелік жинағын ұсынды.

    Оқуға облыстың мектепке дейінгі ұйымдарының 34-тен астам жас жетекшілері қатысты.