Жаңалықтар мұрағаты
Пәндер Барлық құттықтаулар!
Жиынтық бағалау. Мәселелер және оларды шешу жолдары.
22-11-2019 09:26
Жиынтық бағалау. Мәселелер және оларды шешу жолдары.

2019 жылғы 21 қараша күні дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей–мектебінде Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының әдіскері Ж. А. Слямова жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеу бойынша практикалық семинар өткізді.

Семинар жұмысына облыстың мемлекеттік тілде оқытатын мамандандырылғанмектептерінің химия және биология мұғалімдері қатысты.

Семинар барысында Педагогикалық шеберлік орталығының тренерлері             А. А. Асанова, Г. Н. Оразова химия және биология пәндері бойынша үлгілікоқу жоспарларының әртүрлі нұсқаларына жиынтық жұмыстарға арналған тапсырмаларды құрастыру бойынша материалдарды ұсынды.

Семинар қорытындысы бойынша бөлімдер мен тоқсандар үшін жиынтық бағалау жұмыстары әзірленіп, түзетілді.

Семинар қатысушылары аталмыш шараның өзектілігін атап өтті.