Жаңалықтар мұрағаты
Пәндер Барлық құттықтаулар!
Мерзімді басылым беттерінен
06-06-2019 09:27

Құрметті әріптестер! Журналдың өзекті тақырыптарына назар аударамыз  № 1-5 2019 жыл «Білім беру ұйымының әдіскері».
Электрондық нұсқада https://e.metodist.mcfr.kz "Білім беру ұйымының әдіскері" журналының (№3 2019) қалалық шеберлік-топтары туралы ережені көшіріп алуға болады. Бұл шығармашылық топтың көрінісі. "Мектепке дейінгі ұйымда педагогикалық үдерісті интеграциялауды қамтамасыз ету" мақаласында педагогикалық үдерісті әмбебап оқу іс-әрекетінің алғышарттарын қалыптастыруды қамтамасыз ететін педагогикалық технологиялар арқылы интеграциялау процесі қарастырылады. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерлеріне ұйымдастырылған оқу қызметін кәсіби талдау және білім беру процесінің сапасын арттыру үшін "Ұйымдастырылған оқу қызметін талдау" (№4 2019) мақаланы ұсынамыз. Жас педагогқа бейімделу процесін жылдам әрі оңай өтуге қалай көмектесу керек, "Жас мамандармен жұмыс істеуде тәлімгерлікті ұйымдастыру" мақаласынан оқыңыз (№5 2019). Сондай-ақ педагогтар мен әдіскерлерге келесі тақырыптар қызықты болады: "Ашық сабақтарды дайындау мен өткізуге қойылатын талаптар", "Панорамалық сабақта бағалау проблемаларын шешу", "Білім берудің жаңартылған мазмұнын іске асыруда оқушыларды саралап оқыту", "Стартап оқушылардың ғылыми-зерттеу әлеуетін іске асыру нысаны ретінде". "ШЖМ жағдайындағы білім берудің жаңартылған мазмұны аясында оқытудың әдістері мен технологиялары" (№3 2019) мақаласының авторы оқушылардың негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыруға ықпал ететін біріктірілген сыныптардағы мәтінмен жұмыс істеу нұсқаларын ұсынады.
Журналда мерзімді түрде оқырмандардың сұрақтарына: мұғалімдерге үстемақы туралы, іс-сапар шығындары туралы, санат беру туралы толық жауаптар жарияланады
 және т. б.

Ақпараттық-техникалық қолдау кабинеті