Жаңалықтар мұрағаты
Пәндер Барлық құттықтаулар!
Білім, өзгеріс, нәтиже
05-06-2019 17:10
Білім, өзгеріс, нәтиже

Қазақстан Республикасында білім беру мазмұнын жаңарту аясында және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің  2015 жылғы 3 сәуірдегі «Жаңартылған білім беру мазмұнын пилоттық енгізу туралы» бұйрығына сәйкес 2015-2016 оқу жылында республикамыздың 30 пилоттық мектебінің 1-сыныптарында бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын апробациялау басталды. Және 2018-2019 оқу жылының мамыр айында жаңартылған мазмұндағы типтік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларының, байқау оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендердің, білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесінің, пилоттық режимде оқыту сапасының жүйелі мониторингісін өткізуді апробациялау бойынша эксперимент аяқталды.
Апробация мақсаты – әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдасу, отандық білім берудің озық дәстүрлері мен стандарттарын сақтауды ескере отырып, ұлттық білім беру жүйесін әлемдік білім беру практикасының стандарттарына бағдарлау.
Жаңартылған оқу бағдарламаларын сынақтан өткізу үшін еліміздің 16 аймағынан 30 пилоттық мектеп анықталды. Павлодар облысында экспериментке 2 мектеп кірді: Павлодар қ. №39 ЖОМ және №1 Майқайың ЖОМ.
Қазақ және орыс тілдерінде оқытатын барлық бастауыш сынып мұғалімдері жаңартылған оқу бағдарламалары бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
Төрт жыл ішінде оқушылар жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Халықаралық және облыстық байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері бар.  Эксперимент оң нәтижелерге ие. Бірақ, сонымен қатар, кемшіліктер де бар: әрдайым объективті бағалау емес, ОӘК мазмұнының жиынтық бағалау тапсырмаларымен сәйкес келмеуі.