Жаңалықтар мұрағаты
Пәндер Барлық құттықтаулар!
«Түркістан – түркі әлемінің бесігі» халықаралық конференциясы
31-05-2019 19:44
«Түркістан – түркі әлемінің бесігі» халықаралық конференциясы

2019 жылғы 29-30 мамыр аралығында  Түркістан қаласында Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің базасында «Түркістан-түркі әлемінің бесігі» тақырыбында халықаралық конференция өтті.
Конференцияның мақсаты – Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында түркі тілдес әлемнің рухани астанасы – Түркістан қаласы тарихының, фольклорының, мәдениетінің халықаралық өркениеттегі маңыздылығын айқындау, тәжірибе алмасу және пікірлермен бөлісу болып табылады.
Конференция «Түркістан-түркі әлемінің бесігі» бейнеролигімен басталды. Пленарлық мәжілісті Түркістан облысының әкімі Шөкеев Өмірзақ Естайұлы кіріспе сөзімен ашты. Университеттің бірінші вице-президенті Женгиз Томар «Ұлы даланың жеті қыры: түркі мәдениетін дамытудың өзектілігі» тақырыбында баяндама жасады. Конференцияға Халықаралық Түркология академиясының өкілдері, түрлі басқармалар мен ведомстволардың, оқу орындарының педагогтері, сондай-ақ, басқа елдердің ғалымдары қатысты. Конференция шетелдік және отандық ғалымдардың қатысуымен пленарлық мәжіліс және секциялық жұмыстармен жалғасын тапты.
Павлодар облысынан қатысқан Білім беру басқармасының Білім беруді дамытудың инновациялық орталық әдіскерлері Жантурина Нағима Сейпілқызы конференцияның пленарлық бөлімінде «Түркі мәдениеті және оның әлемдік өркендеуге әсері» тақырыбы бойынша және Аушахманова Бақытгүл Төлегенқызы «Ұлы даланың жаһандық тарихтағы орны» бағытында  «Өскелең ұрпаққа патриотизмді насихаттауда өлкетану бағыты бойынша білім беру» тақырыбында тәжірибелерімен бөлісті.
 Конференция қорытындысы бойынша аталған мақалалар конференция жинағына енгізіліп, әдіскерлер мадақтамамен марапатталды.