Жаңалықтар мұрағаты
Пәндер Барлық құттықтаулар!
Қазақ тілі және әдебиеті кабинеті жобаларының қорытындылары
30-05-2019 12:04
Қазақ тілі және әдебиеті кабинеті жобаларының қорытындылары

2019  жылғы 30 мамырда Павлодар  облысы білім беру басқармасының мәжіліс залында облыстың жалпы білім беру мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті кабинеттерінің ең үздік жобасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өткізілді.
          Конкурстың мақсаты – «Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңының» орындалуы, жаңа технологияларды пайдалану арқылы мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру, қазақ тілі және әдебиеті мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету болатын.
          Қазақ тілі және әдебиеті кабинеттерінің жобасы конкурсының  шарттарында заманауи көрнекі құралдар мен интербелсенді техникалық оқыту құралдары, оқу-әдістемелік әдебиеттердің бар екені ескерілді. Конкурс материалдары мультимедиялық презентациялармен, бейнефильмдермен ұсынылды.
Конкурс қорытындылары бойынша Павлодар қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық көпсалалы лицей-интернатының қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі Мұқұшева Құралай Серікқызы және дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің қазақ тілі және әдебиетінің мұғалімі Игілікова Гүлмира Кәкімқызының жобалары  жеңімпаз атанды.
Конкурс жеңімпаздарын Павлодар облысы білім беру басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы бағалы сыйлықтармен марапаттады.