Жаңалықтар мұрағаты
Пәндер Барлық құттықтаулар!
Биологтардың республикалық семинары
28-05-2019 12:39
Биологтардың республикалық семинары

2019 жылғы 15 – 17 мамырда Қапшағай қаласындағы «Балдәурен - Қапшағай» оқу-сауықтыру орталығы базасында «Биологияны оқытудағы инновациялар» тақырыбында республикалық семинар өтті.
Аталған іс-шараның мақсаты – республиканың биология мұғалімдерінің озық тәжірибесін тарату және алмасу.
Семинар жұмысына педагогтер, білім беру бөлімдерінің әдіскерлері, республиканың жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысты.
Семинар барысында биологияны оқыту, жаңартылған білім беру мазмұнының оқу бағдарламалары мен оқу-әдістемелік кешендерді енгізу мәселелері қарастырылды және талқыланды.
Республикалық семинарға Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің биология мұғалімі Синицына И.Ю., Екібастұз қаласының №36 ЖОМ-ның биология мұғалімі Аушакимова О.С., Павлодар қаласының №42 ЖОМ-ның биология мұғалімі Туктыбаева У.К. Павлодар облысынан қатысып қайтты.
Облыс ұстаздары биология пәнін ағылшын тілінде оқыту, белсенді оқыту әдістерін қолдана отырып, тиімді оқыту, қолдан егу технологиясы арқылы сыныптан тыс жұмыс тәжірибесін ұсынды. Қатысушылардың барлық материалдары семинардың үздік баяндамалар жинағына енгізілді.
Биологтарға арналған семинар бағдарламасында Алматы қаласындағы «Алматы ботаникалық саябағы» ғылыми-зерттеу мекемесіне саяхат ұйымдастырылды. Мұнда олар әлемнің түрлі бөлігінен және түрлі климаттық аймақтан әкелінген тірі өсімдіктердің орасан коллекциясын көре алды.
Семинар көптеген жағымды және пайдалы әсер қалдырды.