Жаңалықтар мұрағаты
Пәндер Барлық құттықтаулар!
«Үздік сабақ әзірлемесі» І облыстық конкурсының қорытындылары
26-04-2019 17:04
«Үздік сабақ әзірлемесі» І облыстық конкурсының қорытындылары

2019 жылғы 26 сәуірде Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің базасында «Үздік сабақ әзірлемесі» І облыстық конкурсы өтті. Конкурс ұйымдастырушылары – Павлодар облысының Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы. Конкурсқа облыстың барлық аудандары мен қалаларынан мұғалімдердің 75 жұмысы келіп түсті. Іштей турға қатысуға ағылшын тілінде сабақ беретін жаратылыстану-математикалық бағыттағы мұғалімдердің 33 жұмысы, орыс тілінде оқытатын мектептерде «Қазақстан тарихы» пәнін қазақ тілінде оқытатын 5 мұғалімнің жұмысы жіберілді.  

Жұмыстарды бағалау критерийлері заманауи сабаққа қойылатын талаптардан, олардың дамытушылық және практикалық сипатынан тұрды.

Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің оқытушыларынан, мектептердің тәжірибелі ұстаздарынан,  Инновациялық орталық әдіскерлерінен құрылған құзыретті қазылар алқасы конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін, номинанттарды анықтады.

Конкурс нәтижелері бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер, номинанттар анықталды.

І дәрежелі Дипломмен:

Муканова Айнагуль Жасталаповна Ақтоғай ауданының М.Қайырбаев ат. ЖОМ информатика пәнінің мұғалімі.Марзатаев Ерлан Туктагулович Павлодар қ. №20 лицей-мектебінің тарих пәнінің мұғалімі.Куватова Алма Маженовна Ақтоғай ауданының Нығманов ат. ЖОМ химия пәнінің мұғалімі. Сыздыкова Ляззат Замзамовна Павлодар қ., №28 ЖОМ биология пәнінің мұғалімі. Шамилов Антон Сайдашевич Ақтоғай ауданының Приреченск ЖОМ физика пәнінің мұғалімі марапатталды.

ІІ дәрежелі Дипломмен:

Скляренко Анна Викторовна        Павлодар қ. №29 ЖОМ информатика пәнінің мұғалімі.Рахимбекова Сауле Жаксылыковна Баянауыл ауданының Майқайын №2 ЖОМ тарих пәнінің мұғалімі. Калимова Галия Нажмиденовна Екібастұз қ. №10 ЖОМ химия пәнінің мұғалімі.Хамитова Гульмира Кабдылжапаровна Павлодар қ., №3 дарынды балаларға арналған гимназиясының биология пәнінің мұғалімі. Рахимжанова Кундыз Габдулрашитовна  Баянауыл ауданының №2 Майқайын ЖОМ физика пәнінің мұғалімі марапатталды.

ІІІ дәрежелі Дипломмен:

Жумабекова Мадина Оразхановна        Аққулы ауданының  Малыбай ЖОМинформатика пәнінің мұғалімі. Есмакаева Гульмира Болатовна   Павлодар қ.                     №21 ЖОМ тарих пәнінің мұғалімі.Закирова Анастасия Рашидовна Павлодар қ. №43 ЖОМ химия пәнінің мұғалімі.Аментаева Гульбаршин Кабдулбариевна Павлодар қ., №37 ЖОМ физика пәнінің мұғалімі. Букурова Салтанат Болатовна облыстық Ы.Алтынсарин ат. қазақ гимназия-интернатының биология пәнінің мұғалімі марапатталды.

Конкурс номинанттары:

-         Тілдік емес пәндер арасындағы ең ағылшын тілді пән

Касымканова Алия Сериковна      Павлодар қ. М.Ауэзов ат. №42 ЖОМ информатика пәнінің мұғалімі.Куватова Алма Маженовна      Ақтоғай ауданының Нығманов ат. ЖОМ химия пәнінің мұғалімі. Джакипова Макпал Алайдаровна Павлодар қ., №35 ЖОМ биология пәнінің мұғалімі.

-         Үздік SMART- сабақ

Каримова Самал Елмуратовна Баянауыл ауданынының  Ж.Аймауытов ат. ЖОМинформатика пәнінің мұғалімі. Прохоренко Светлана Викторовна  Павлодар қ. №1 ЖОМ физика пәнінің мұғалімі.

Нуршанова Анна Кусаиновна  Павлодар қ. №18 ЖОМ физика пәнінің мұғалімі. Базарханов Ердос Жанатович Аққулы ауданының Тілектес ЖОМ физика пәнінің мұғалімі.

-         Үздік IТ- сабақ

Мисфахитинов Михаил Баткенович Павлодар ауданының Розовка ЖОМ информатика пәнінің мұғалімі. Негманова Каирпану Канапьяновна  Ақсу қ.,  №7 ЖОМ физика пәнінің мұғалімі. Даривхан Асемгуль  Ертіс ауданының  Абай ат. ЖОМ  биология пәнінің мұғалімі.

-         Үздік CLIL-сабақ

Жантыбаева Айнагуль Сапаровна         Екібастұз қаласының  №18 ЖОМ информатика пәнінің мұғалімі.Дюсенова Сауле Сериковна Павлодар қ.                          №34 ЖОМ химия пәнінің мұғалімі. Култуманов Болат Мурзабаевич Екібастұз қ., №35 ЖОМ  физика пәнінің мұғалімі. Мальчибаева Айым Муратовна  мамандандырылған «Жас дарын» мектебінің физика пәнінің мұғалімі.

-         Сабақтың үздік талдау

  Смакова Данагуль Рауияновна       Екібастұз қ. №35 гимназия-мектебінің тарих пәнінің мұғалімі. Байсикенова Мадина Бахытовна Екібастұз қ.  №9 ЖОМ информатика пәнінің мұғалімі.Твардовская Наталья Васильевна         Павлодар қ. №29 ЖОМ химия пәнінің мұғалімі. Черненко Надежда Николаевна Павлодар қ., №29 ЖОМ физика пәнінің мұғалімі. Шакенова Жанагуль Сатбековна Екібастұз қ., №9 ЖОМ физика пәнінің мұғалімі. Сыздыкова Гульжан Ануарбековна Павлодар қ., №9 гимназия-мектебінің биология пәнінің мұғалімі.

-         Жас ұрпақ

      Оспанова Жанар Досановна    Екібастұз қ.  №9 ЖОМ тарих пәнінің мұғалімі.

 

Облыстық конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің жұмыстары Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының сайтына орналастырылатын болады.