Жаңалықтар мұрағаты
Пәндер Барлық құттықтаулар!
Айтылым дағдыларын дамыту – оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру құралы
26-04-2019 12:27
Айтылым  дағдыларын дамыту – оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру құралы

         2019 жылғы 26 сәуірде Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы дарынды балаларға арналған Ы.Алтынсарин атындағы облыстық қазақ гимназия-интернатында «Айтылым  дағдыларын дамыту – оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру құралы»   тақырыбы бойынша семинар өткізді. Семинар жұмысына қазақ тілі мен әдебиетінің 30-ға жуық мұғалімі қатысты.
     Семинарда қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында кітап оқудың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың өзекті мәселелері қарастырылды.  
    Семинар барысында Павлодар қаласының №11 ЖОМ-ның қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Исабаева Нұргүл Бабатайқызы оқушыларда лингвистикалық, тілдік және коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру бойынша оқыту әдістемесі мен оқу технологиясын жетілдіру бойынша тәжірибесімен бөлісті. Павлодар қаласының №41 ЖОМ-ның қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Жүсіпова Гауһар Жанғалиқызы қазақ әдебиеті сабақтарында шығармашылық тапсырмаларды қолданудың теориялық аспектілері мен практикалық амалдарын ашты.
    Семинар қатысушылары қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың сапасын арттыру жолында функционалдық сауаттылықты дамытудың проблемалық сұрақтарын белгіледі.
    Семинар қорытындылары бойынша әдістемелік ұсыныстар берілді.