Жаңалықтар мұрағаты
Пәндер Барлық құттықтаулар!
Мектептің білім беру үдерісіне инновациялық амалдарды енгізу
25-04-2019 12:27
Мектептің білім беру үдерісіне инновациялық амалдарды енгізу

2019 жылғы 25 сәуірде Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы Екібастұз қаласының №22 мектеп-гимназиясының ресурстық орталығы базасында «Білім беру мазмұнын жаңарту аясында ресурстық орталықта ОТҮ-ні ұйымдастырудағы инновациялық амалдар» тақырыбы бойынша семинар өткізді.  
Семинарға қатысуға Павлодар облысының аудандық және қалалық білім беру бөлімдерінің ресурстық орталықтарының, Екібастұз қаласының тірек және магнитті мектептірінің үйлестірушілері шақырылды.
Семинар жұмысы Екібастұз қаласының №22 мектеп-гимназиясының ресурстық орталығының 2018 жылғы 31 қазанда өткен «Үздік ресурстық орталық» республикалық конкурсындағы нәтижелері туралы таныстырылымнан басталды. Конкурс қорытындылары бойынша ресурстық орталық 2-ші жүлделі орын алды.
Мектеп директорларының орынбасарларына ресурстық орталық қызметі туралы жалпы ақпарат ұсынылды.
Магнитті мектептердің 10, 11-сынып оқушыларында сессия сабақтарында ұстаздар химия және география мен ағылшын тілінен кіріктірілген ашық сабақ, оқу әрекетінде АКТ-ны қолдану, «Дарынды балалармен жұмыс» шеберлік сағатын көрсетті. Робототехника бойынша таныстырылым өтті. Балаларды болашақ мамандықты орынды таңдауға уәждеу мақсатында мектеп психологі «Менің таңдаған жолым» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.
Семинар ресурстық орталықтар мен магнитті мектептердің өзара әрекеттестігін дамытудың өзекті сұрақатары бойынша ашық диалогпен аяқталды.