Жаңалықтар мұрағаты
Пәндер Барлық құттықтаулар!
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ
06-03-2019 15:28

2019 жылғы 29 наурызда«Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өтеді. 

    Олимпиада ұйымдастырушылары Павлодар облысының білім беру басқармасы, Білім беруді  дамытудың инновациялық орталығы болып табылады.

       Педагогикалық олимпиаданың мақсаты – жас педагог қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамыту үшін жағдай жасау; білім беру жүйесін жетілдіруге жас мұғалімдердің белсенді кәсіби көзқарасын қалыптастыру.

      Олимпиадаға  жас педагогтер, психологтар мен тәлімгерлер, логопедтер мен дефектологтар  (қатысушылардың еңбек өтілі 5 жылдан аспауы тиіс)  қатыса алады.

       Сұраныс 2019 жылдың 20 наурызына  дейін қабылданады.