Жаңалықтар мұрағаты
Пәндер Барлық құттықтаулар!
Республикалық әдістемелік семинар «Үш тілде оқыту: ізденістер мен шешімдер»
22-02-2019 17:03
Республикалық әдістемелік семинар «Үш тілде оқыту: ізденістер мен шешімдер»

Жаратылыстану-ғылыми бағыттағы пәндерді ағылшын тілінде оқытуды кезең-кезеңмен енгізуге дайындық шеңберінде 21-22 ақпанда Қостанай облысында «Үштілде оқыту: ізденістер мен шешімдер» Республикалық әдістемелік семинары өткізіліп жатыр.

Семинар жұмысына Қазақстан Республикасы Білімжәне ғылым министрлігі жалпы орта білім берудің мазмұны мен әдіснамасы басқармасының бас сарапшысы, үштілді білім беруді енгізу бағытының кураторы Ш. Е. Қасымова, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Үштілділікбілім  орталығының директоры, педагогика ғылымдарының магистрі С. Жұманова қатысты.

Өңірлік практикалық алаңдар Қостанай қ., Рудный қ. және Қостанай ауданында ұйымдастырылып жатыр.21 ақпанда мастер-класстар, панорамалық сабақтар, оқушылардың пікір-сайыс турнирлері, практикалық арена және әдістемелік шеберханалар, жаратылыстану ғылыми бағыттағы пәндерді ағылшын тілінде оқыту тәжірибесінің көрме-презентациялары өтіп жатыр.  22 ақпанда семинар қатысушылары  Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатындағы және «Озат» ақпараттық технологиялар мамандандырылған мектеп-интернатындағы практикалық алаңдарға қатысады.